«ҚАЗАҚМЫС» КОМПАНИЯСЫ АУЫЛҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Қазақмыс Қазақстандағы алдыңғы қатарлы тау кен және металлургия компаниясы болып табылады. Команияның Жамбыл облысы Шу ауданына аумағына тиесілі Шатыркөл кен орны орныласқан. Ол жерде жылына 620 мың тонна кен өндіріледі. 250 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Мамандардың қатарында жергілікті тұрғындар да бар. Компания өкілі алдағы уақытта жақын маңайдағы ауыл халқымен ттығыз байланыс орнатып, ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге де ден қойды. Игі істің алғашқы бастамасы 5 ауылда басталды.
Қасиетті Құрбан айтта басталған қайырымдылық іс-шарасы Шоқпар, Бірлік, Дінмұхаммед Қонаев, Жданов және Бірлік Үстем ауылында өтті. Компания атынан 250 отбасыға азық-түлік табысталды. Қажеттінің барлығы бар себет тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға берілді. Ауыл қариялары көптің атынан алғыс айтып, ақ баталарын берді
Бұл күні құран оқытылып, құрбандыққа шалынған мал еті шикілей отбасыларға үлестірілді. Кәсіпорын өкілдері тұрғындармен тілдесіп, мәселелерге де ден қойды. Өйткені алдағы уақытта компания өкілдері ауылға тиесілі бірқатар жұмыстар жоспарын құрған. Осы уақытқа дейін аудан әкімдігімен екі жақты келісім де жасалған. Қайырымдылық пен қолдау шаралары халық игігі үшін болмақ.
-Бес елді мекенге әлеметтік көмек көрсетіледі. Биылға жарты жылдыққа өтіп кетті. Құрылыс сезонын жоғалтып аламас үшін кішігірім шараларды ұйымдастыруға келіссөздер жүргіздік. Балаларға ойын алаңшаларын, футбол алаңшаларын одан кейін біздің үлкен проблемаларамыз ауылдағы бағаналардың электр энергия бағаналарын өте ескіргендігі. Соны бір-бірте шешіледі,-дейді Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков
Еліміздің бірнеше облыстарында кен орны бар Қазақмыс компаниясы бұға дейінде аймақтарды дамыту мен ауыл әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді. Атап өтсек, балаларды сауықтыру орталығына үнемі демеушілік көрсетіп, 41 көпбалалы отбасы пәтер кілттерін табыстаған. Мамандарға да қолайлы орта қалыптастырып, жұмысшылар үшін арнайы емдеу орталығын соғып, заманауи техинкамен жабдықтаған.