BASTY BETJAŃALYQTAR

ПРЕЗИДЕНТ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысына облыстың биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы мәлімет берілді.

Ермек Көшербаевтың баяндамасынан:

осы жылы Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 4,4 триллион теңге болады деген болжам жасалып отыр;

қазіргі таңда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық құрамына аймақтан құны 1,1 триллион теңге болатын 42 жоба кірген;

биыл сомасы 77 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде 37 ірі жоба орындалады. Оларға салынатын инвестиция мөлшері – 236,4 миллиард теңге;

елімізде алғаш рет жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс тұқымын терең өңдеу әдісі енгізіліп жатыр;

шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда, осы бағыттағы жобаларға 22 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген;

2024 жыл облыста Жол жылы деп жарияланғаны туралы айтылды. Жолдарды жөндеуге және салуға бөлінетін қаржыны екі есе ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы 600 шақырым жолды және көшелерді жөндеу жоспарланған;

Риддер жылу электр орталығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 6 қазандық агрегаты жөнделді. Бүгінде Риддер тұрғындары жылумен қамтамасыз етілген;

кездесуде шекара маңынан Марқакөл және Катонқарағай атты екі жаңа аудан құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқының өмір сүру сапасын арттыру маңызды екенін атап өтіп, Шығыс Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *