ТАЛДАР БАЛАҚТАЛЫП ЖАТЫР
Тазалық – мәдениеттің көрінісі, тәртіптің бастауы. Сол себепті де Тараз қаласында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Ал қазір өңір орталығында барлық талдар балақталып жатыр.
Тараз жасыл желекті қалалардың бірі. Сондықтан бізде ерекше күтім жұмыстары жүргізіледі. Қазір «Жасыл ел-Тараз» мекемесі талды кесу жұмыстарын қолға алған. Оған 3 дана автокөтергіш, 3 дана МТЗ-80 тракторы жұмылдырылыпты.
– Бізде мекеме шарты бойынша 7 адам ағаш кесетін адамдарымыз бар. Артымыздан мысалы әр бригада да 1-1 трактор дан жүреді шыбын жинағанға. Күніге 1 бригада жоқ дегенде 15-20 тал кеседі түскен арыз бойынша. Күніне санап отсақ 40-50 тал кесіледі күніге,-дейді Бақтияр Несіпбаев, «Жасыл ел-тараз» ЖШС ағаш кесу бөлімінің меңгерушісі
Жасылелдіктердің айтуынша олар қала ішінде жоспардан тыс 1000 – 1500 талға дейін бұталайды. Айта кету керек, мекеме бұл жұмыстарды қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар негізінде атқарылады. Мәселен, былтыр 757 арыз түскен. «Жасыл ел-Тараз» мекемесі арнайы кесте бойынша 517 арызды орындапты.