BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ҚҰМШАҒАЛДА ҚҰРАН ОҚУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Құмшағал мөлтек ауданындағы «Әл-Хафиз» мешітінде білім беру саласының дамуына үлес қосқан, ардақты ұстаз Райхан Сарбасқызын еске алуға арналған Құран оқудан жарысы өтті. Оған Тараз қаласы мен Құмшағал ауданынан 9 бен 35 жас аралығындағы 30-ға жуық азамат қатысты. Жалпы жарыстың жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.

Қасиетті құран сүрелерін жатқа білетіндер арасындағы жарыс екі номинация бойынша өтті. Қатысушылар бірінші және жарты пара негізінде бақтарын сынады. Игі жарысты еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін тамашалады. Оқушыларды білім нәрімен сусындатқан Райхан Сарбасқызын ауылдастары да еске алды.

– Екі ұлым әл-Хафиз мешітінде оқиды. Олар бұл жарысқа 2 ай бойы дайындалған. Игі істі тамаша Райхан Сарбасқызының туған-туыстары мен жақындары ұйымдастырды. Кезінде баламның ұстазы болған. Осы шараны ұйымдастырған жауаптыларға алғыс айтамын,-дейді Лола Серғазиева, «құмшағал» мөлтек ауданының тұрғыны

– Бүгін немерем осы жарысқа қатысып жатыр. Біраз уақыт бұрын ол маған айтты, мен намаз оқығым келеді, біздің ауылда мешіт бар, мен сонда оқығым келеді. Әрине, немеремізді қолдадық. Алла Тағала балаларымызды қорғасын! Бүгін ұлағатты ұстаз Райхан Сарбасқызын еске алуға арналған тамаша сайыс өтуде. Жарқын естелік!,-дейді Ыдырыс Юнусов, Жалпақтөбе ауылының тұрғыны

Байқаудағы ең кішкентай қатысушылардың бірі Нұрмұхаммед Дастан. Оның айтуынша қасиетті кітапты 10 жасынан бастап оқыған. 13 жасар жеткіншектің құран оқу бойынша осымен екінші байқауға қатысып отыр.

– Мен бүгін Райхан Сарбасқызын еске алуға арналған осы байқауға қатысып отырмын. Бұл менің екінші байқауым. Барлығына сәттілік тілеймін!,-дейді Нұрмұхаммед Дастан, байқау қатысушысы

Жарыс барысында «Әл-Фирдаус» мешітінің наиб имамы Нүсіпжан Маратбекұлы Құран Кәрімнің қадір-қасиеті мен сайыстың маңыздылығына тоқталды. Ал байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 1-орын 200 мың теңге, 2-орынға 100 мың, ал 3-орынға 50 мың теңге табыс етілді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға Құран кітабын таратып, қазылық еткен ұстаздарға да хадия берілді.

– Мен Жуалы ауданынанмын. Мен Тараз қаласындағы «Хибатулла-Тарази» медресесінде оқимын. Бұл сайыс жоғары деңгейде өтті. Үлкен рахмет. Осы сәтті пайдалана отырып, Бірлік молдама алғысымды айтқым келеді. Бұл менің бірінші рет қатысуым және бірінші рет жүлде алдым,-дейді Ерсұлтан Қали, 1 пара бойынша бірінші орын иегері

Байқаудың марапаттау рәсімінен кейін, Райхан Сарбасқызының отбасы көпшілікке дастархан жайып, ас беріліп, марқұмның рухына құран бағышталды. Сонымен қатар жастар арасында спорттың қол күрес, арқан тартыс пен кір тасын көтеру бойынша сайыстар өткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *