BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«ҚАЙТСЕК ҰРПАҚ ӨСЕДІ ӨРЕЛІ БОП…»

Еліміздің болашағы – қазіргі жас ұрпақ. Сол себепті де балалардың тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болары айдан анық нәрсе. Осылай деген жазушы Камал Әлпейісова балалардың тәлім тәрбиесі туралы жазылған «Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп…» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

Камал Әлпейісова 1956 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген оның әңгіме, өлең, аудармалары республикалық газет-журналдарда жарияланып тұрған. Сондай-ақ орыс тіліне Махамбет өлеңдерінің жолма-жол аудармасын да жасаған. Айта кету керек Камал Әлпейісова орысша, қазақша, респе аударманы меңгерген тұңғыш қазақ қызы. Республикалық үздік аудармашы конкурсының тұңғыш жеңімпазы. Жазушының айтуынша бұл туынды өскелең ұрпақтың бойына рухани азық болатын кітаптардың бірі дейді жазушы.

– Айтатыным жастар негізінен Әбіш Кекілбаев Дананың айтқаны бар кітап адамды тәрбиелесе, кітап адамзатты тәрбиелиді. Кітапқа құмар болу керек. Қазіргі кезде кітапқа құштар мектеп, кітапқа құштар ұлт деген бағдырлар бар. Сол бағдырлар мен өссе оқыса. Біздің міндетті түрде болашақта ұл қыздарымыз өрелі, саналы, биік ойлы азамат болады. Соған жетейік,-дейді Камал Әлпейісова, қазақстан жазушылар одағының мүшесі

Балалар шығармаларымен қатар әр түрлі буын өкілдеріне арналған қазақ және орыс тіліндегі аудармалары жиында кеңінен айтылды. Ал шараға қатысқан оқушылар кеш қонағына өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, арнайы ақынның шығармасынан қойылым қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *