BASTY BETJAŃALYQTAR

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ

Алматы қаласында 3-ші халықаралық түркітілдес журналисттер медиа форумы өтіп жатыр.

Бұл жолы еліміздің өңтүстік астанасына шет мемлекеттерден және Қазақстанның 17 өңірінен 150-ден астам БАҚ өкілдері жиылды. Кезекті форумның тақырыбы TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ”.
Жиынның алғашқы күні Алматы қаласындағы “Шымбұлақ” кешенінен және “Медеу” мұз айдынынан басталды. Форумның алдағы екі күнінде Түркия мемлекетінің медиа мамандары, еліміздің медиа холдинг басшылары, ақпараттық сарапшылар Түркі мемлекеттерінің ақпараттық ынтымақтастығы, кәсіби этика, Құқық және ақпараттық қауіпсіздік сынды тақырыпта ой қозғайтын болады. Одан бөлек түркітілдес журналистер қоры «Шеврон» компаниясының серіктестігінде бастаған «Еркін сөз»-2023, «Әлеумет – қоғам айнасы»-2023 байқауларының жеңімпаздары марапатталады.

Айта кетейік, «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылды. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Президенті Нәзия Жоямергенқызы.

2023 жылдың тамызында Түркітілдес журналистер қоры Германия, Ұлыбританиядағы әріптестермен бірге Дүнижүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясын құрды. Мақсат – қазақ журналистердің кәсіби шеберлігін халықаралық деңгейде шыңдау. 2024 жылдан бастап АҚШ пен Еуропа елдерінде дәстүрлі журналистика мен жаңа медиаға қатысты семинарлар, конференциялар мен пресс турлар ұйымдастырылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *