BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ТОҚАЕВ КАТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН БАРАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпанда Катарға мемлекеттік сапармен барады.

Ақорданың баспасөз қызметі 12 ақпанда хабарлағанында, сапар барысында мемлекет басшысы Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

“Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді”, – деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
2023 жылдың қазан айында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар Әмірі телефон арқылы сөйлесіп, серіктестік пен Қазақстан-Катар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *