JAŃALYQTAR

ТАРАЗДЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕ ЖОҚ ҚҰРЫЛҒЫ ЖАСАДЫ

Тараздық жас дарын ел экологиясына пайда тигізер құрылғы ойлап тапты. Нақтысы, күз мезгілінде түскен жапырақтарды өздігінен жинайтын машинамен қоса, өңдейтін зауыты да бар. Егер, бұл қолданысқа енсе тек адамға емес, жан-жануарға да пайдасы орасан зор болар еді, дейді оқушы.

Бұл көліктер біздің компаниямыздың ең үлкен табыс көзі. Себебі, әлемде аналогы жоқ. Еш жерде шығарылмаған көліктер болғаннан кейін отандастарымызға және шетелге сата аламыз///    

Иә, бұл біз атап өткен жас ғалым Әйгерімнің Республикалық байқаудан жүлделі орынды алып берген жобасы. Небәрі 2 айда жасалған бұл макет қолданысқа енсе, көшеде жатқан күзгі жапырақты жинап қана қоймай, ел экологиясы мен мал азығына да пайдасын бермек. 

Әйгерім ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ДАРЫН» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

Бұл макетте жаңа түскен сары жапырақты өңдеп, зиянкес құрттардан залалсыздандырып,  шалғай аудандардағы картон жеп жатқан малдарға өнімдерімізді жібереміз. Ал, мал азығына жарамайтындарын да өңдеп жолға төсейтін кілемше ойлап таптық.///

Оқушы өзі ойлап тапқан «Күзгі жапырақтар» атты макетке барынша өң берген. Өндіріс орны, жем және балғын жапырақтар, деп екі бағытта іске асады, дейді оқушы. Нақтысы, малға азық кепкен жапырақтан жасалмақ. Ал, енді түскен жапырақтан, нығыздау арқылы бір реттік қолдануға арналған өнімдер жасайды. Оқушы атап өткен, көліктің батпақты жерден өтуіне арналған кілемше, балғын жапырақты кептіру арқылы жасалмақ.

Назым АРАПБАЕВА     ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ДАРЫН» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Осы шашылып жатқан жапырақтан пайдалы өнім істесек, деп оқушым толғаныспен келді. Жарайды, ойластырайық, ақылдасайық деп әлемде жоқ машина шығардық. Негізі, жаңалықты бір адам ойлап табады. Кейін ол жүзеге асады. Бәлкім осыдан кейін Отандық кәсіпкерлер біздің идеямызға қызығар, және іске асырар деген ниеттеміз. ///

Айта кетейік, жобаға бар-жоғы 30 мың қаражат жұмсалған. Ал, облыс тұрмақ Республикадан бірінші орын алған оқушы енді, идеясының іс жүзінде орындалғанын қалайды. Ел дамуына үлес қоссам нұр үстіне, нұр болар еді дейді жас ғалым.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *