ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ САҚШЫЛАРЫ
Тараз қаласында тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Барлық көшелер, саябақтарды мен су арналарын тазалыққа жауапты мамандар үнемі бақылауда ұстайды. Маусымдық жұмыстың машақатын жақсы белетін «Жасыл ел» жұмысшылары бүгінде таңнан бастап қызу тірлікке кірісті.
Бүгін «Жасыл ел» қызметкерлері қаланың 8 көшесі, 4 арбаты мен 7 саябағында тазалық жұмыстарын қолға алған. Күнделікті қайталанатын жұмыстан шаршасақ та бұл іс өзімізге ұнайды деген жандар таңсәріден бастап қоқыстарды теріп, шаһар көшелерін сыпырады.
– Күнделікті тазалық жұмыстарымен шұғылданамыз. Сол саябақтың ішіндегі тратуарларды сыпыру, мраморларды жуу, сүрту, жапырақтарды тырмалау, шашылған шыбықтарды жинау, оларды арту сол жұмыстармен шұғылданамыз,-дейді Арайлым Арыстанова, демалыс орындары және көше тазалығын сақтау учаскесінің меңгерушісі
Біз «Жеңіс» сабағындағы қызу тірліктің үстінен түстік. Дәл қазір мұндағы тазалық жұмыстарына 94 қызметкер жұмылдырылған. Әр қызметкерді сөзге тартып жұмыс туралы сұрадық. Барлығының «жұмысымыз ұнайды» деген жауабы бізді тәнті еткені рас.
– өте ұнайды жұмысымыз. Басшыларымыз да жақсы, жағдайымызды түсініп, уақытын да жауабын беріп, бірге сыйласымды істейміз. Қасымдағы кәсіптестерім барлығы ауыз біршілікті тату бірге жұмыс істейміз,-дейді Рабия Ақышбаева , жұмысшы
– Парк ішіндегі қоқыстарды тазалаймыз, жапырақтарды тырмалаймыз, арықтың ішін тазалаймыз.Тараз қаласының халқынан өтініп сұраймыз таза ұстаңыздар, жүрген жерлеріңізді таза сақтаңыздар, сындырмаңыздар, қиратпаңыздар,-дейді Айнұр Аманбаева , жұмысшы
Таңда тұрып көше кезетін жұмысшыларды қала тазалығы үшін бар ынтасымен жұмыс істейді. СОндықтан тұрғындарды тазалыққа ат үсті қарамауға шақырады. Бастысы көрінген жерге қоқыс тастамай, еңбегімізді бағаласа дейді.