BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖАРЫСЫ

Жамбыл облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Сайысқа 9-11сынып аралығындағы 400-ден астам оқушы қатысты. Білім бәсекесінің аймақтық жеңімпаздары алда республикалық кезеңде ғылыми жобасын таныстыратын болады.

Білім мен ғылымға қызығушылығы жоғары оқушылардың сайысы тартысты өтті. 400-ге жуық ғылыми жоба қорғалды. Қатысушылардың барлығы ұзақ уақыт бойы тер төккен бастамаларының үздік екендігін айтады. Ал мамандар біздің облыстың жас ғалымдары 14 жыл бойы үздіктер қатарында екендігін мақтанышпен жеткізді. Сондықтан да дарынды балаларды қолдау мақсатында өңірде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр дейді.

– Облыста 6 дарынды балдарға арналған мамандандырылған мектептер жұмыс істейді. Сонымен қатар 50 ге жуық гимназиялар, мектеп гимазиясы содан соң лицейлер бар осы мектептердің барлығында оқушылардың ғылыми қоғамдары жұмыс жасайды яғни оқушылар мектептен бастап осы төменгі сыныптан ғылыми жобаны жазумен айналысады,-дейді Айдын Досыбаева, ЖО білім басқармасы басшысының орынбасары

Байқауға қатысып жатқан дарынды оқушылардың бірі Айкөркем. Көзі көрмейтін жандарға арналған «Қазақ Braille» жобасын дайындаған. Ол көру қабілеті нашар адамдарға арналған принтерді бір жыл ішінде жасап шыққан. Айта кету керек болашық ғалым осы жылдың ішінде біраз жетістіктерге жетіпті.

– Көзі көрмейтін мектептерде оқыйтын балдар. Олар бігізбен қағазды тесіп шығып отырады және олар қиындық туғызып отырады балдардың оқуға деген ынтасын қашырады. Біз оларға ыңғайты болуы үшін кез келген ноутбукка біздің программамыз жазылады. Жәнеже сол программалар арқылы пернетақталарды басу арқылы бізде қазақша пернетақта бар бір айлық шрифттері қосылған. Сол шрифтерді басу арқылы қолмен басып шығып отыра береді,-дейді Айкөркем Егеубай, байқауға қатысушы

Байқау соңында облыстық кезеңнің бірінші турынан өткен дарынды жасөспірімдерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды. Енді олар республикалық кезеңге өту үшін енді желтоқсан айында арнайы тестілеуден өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *