BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

АРДАГЕР СПОРТШЫ КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Әлемдік додада тұңғыш рет бокстан қазақтың атын шығарған былғары қолғап шебері Серік Қонақбаев Жамбыл жеріне келді. Спортшы Жуалы ауданынан қарасты, Қарабастау ауылындағы орта мекепке арнайы атбасын бұрды. Әкесі оқыған мектептің жұмысымен танысып, оқушылармен жүздесті.

КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс , кеңес одағының екі, Еуропаның 3 дүркін чемпионы Серік Қонақбаев Жуалы ауданы арнайы келген. Өйткені, Қарабастау елдімекеніндегі №3 Қарымбай Қошамбетов атындағы орта мектебінде әкесі Керімбек Қонақбаев білім алған. 1-2 жыл бұрын досымнан осындай мәліметті есіп, оқу орнына келуге бел байлаған.

– Мен оған 1 жыл сенген жоқпында, кеиін ағайын туысқандардан сұрасам я әрине сол жылдары менің папам осында тұрып осы мектепте оқыған екен. Сондықтан міндетті түрде мен айттым барамыз ауылға барамыз осы мектепті көреміз. Ауыл тұрғындарымен танысамыз деп. Сондықтан бүгін жол ашылып бігін келіп отырмыз,-дейді Серік Қонақбаев, ардагер спортшы

Ардагер спортшы оқу орнына құр алақан келлмепті. Білім беру мекемесіне газел маркалы автокөлік сыйға тартты. Спорт шеберінің айтуынша мектепке көршілес ауылдардан келетін оқушылар бар екенін, әрі жеткіншектер түрлі жарыстарға көлік жалдап баратындығын ескерген.

– Енді қол бос болмасын деп Абеке кезінде айтқан маған, осындай ауылда 2 мың тұрғын тұрады. Бірақ балалар 4-5 км басқа кішкентай ауылда тұрады. Соларды автобуспен алып келетін бірақ енді сол автобус ескірген деп. Сондықтан мен ойладымда осы мектепке өзімнің отбасымның атынан осындай бір газел тапмырамыз ,-дейді Серік Қонақбаев, ардагер спортшы

Дәл осы күні спортшының әкесі Керімбек Қонақбаевті еске алуға арналған кіші футболдан турнир өтті. Қазақ күресінен де жарыс ұйымдастырылып, ауыл азаматтары қой көтеруден сынға түсті. Ал жеңімпаздар әдеттегідей бағалы сыйлықтарға ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *