АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Шаһарда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік шарада сөз алған аймақ басшысы агроөнеркәсіп кешені облысымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Нәтижесіде жаман емес. Салада 498,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі капиталға 35,1 млрд. теңге инвестиция тартылды деп отыр. Заманауи технологияларды енгізуге барлық жағдай жасалып жатқандығын тілге тиек етіп, агросаланы одан әрі дамытуымыз қажет,-деді. Ал осы салада жетістіктерге жетіп, аянбай еңбек еткен еңбеккерлерге алғысын да білдірді.
– Ел президенті ауылшаруашылығы саласының дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді. Биыл облыста агро кешенді дамытуға 81 млрд теңге бөлініп, 10 000-нан аса шаруаға қолдау көрсетілді. Ішінде субсидиясы бар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, қаржы институттарының қаржыландыру көлемдері төтенше жағдайда 3,6 млрд теңге бөлінді,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Мереке күні барқатар сала үздіктеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.
– Бүгін ауылшаруашылығының төл мерекесіне байланысты сый-марапаттарға ие болып жатырмыз. Негізгі шаруашылық саласы егін шаруашылығы. Содан биыл жүгері алқабынан 160-170 центнерден жүгері өнімін алдық. Осы ісімізді бағалап, үкімет тарапынан сый-сияпат көрсетіп жатқанына рахмет,-дейді Кенжеғали Базилов, «Ажар» шаруа қожалығының төрағасы
Қаланың орталық алаңында өткен іс-шарада ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Мерекелік жиын соңы жамбылдық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концертке ұласты.