ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР
Тараз қаласында «Халық қаhарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовты және қызмет бабында қаза тапқан Полат Аянқұловты, Жақсыбек Байсейітовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
Аталмыш шараға 10 облыстан, 400-ге жуық жасөспірімдер қатысып жатыр. Жарысқа 9 бен 12 жас аралығындағы балалар қатысуда. Мұндай спорттық турнирлер алдағы уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын табады дейді Қанат Байымбетов
– Осындай жарыстарға біздің жастарымыз, жасөспірімдеріміз шындалып өздерінің өнерлерін көрсетіп. Сонымен қатар алдағы уақытта республикалық, әлемдік жарыстар біздің Қазақстан Республикасының туын көтеріп әнұранымызды шырқатады деген ойдамыз. Сондай сеніммен бүгінгі жарысты өткізудеміз,-дейді Қанат Байымбетов ЖО ПД арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасы басшысының орынбасары
Ал турнирге қатысушылардың арасында Жақсыбек Байсейітовтың ұлы да бар. Ол жарысқа жақсы дайындықпен келдім дейді.
– Дзюдо спортына 3 жыл болды қатысып жүргеніме. Бапкерлерім Ақмет Жұмақұлов пен Жандос Үсіметов. Осы жарыстарға келіп отырмын. Алла қаласа 1-ші орын алуға ниеттеніп отырмын. Өте көп дайындалдым осы жарысқа. Қарсыластарыма сәттілік тілеймін,-дейді Нұржан Жақсыбекұлы, қатысушы
Айта кету керек, сайыс екі күнге жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталатын болады.