BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МҮМКІНІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК ЖАСАУ КЕРЕК

Балалар арасында алғашқы мүгедекке шығу алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 балаға азайды. Бұл туралы бүгін ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша партиялық тыңдауда айтылды. Аманат партиясының ұйымдастыруымен өткен жиында аталмыш тақырып бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Облыста орталықтандырылған мүгедектердің деректер базасына 46 000 ға жуық адам тіркелген. Оның 39 000 ға жуығы ересектер болса 7 мыңы 18 ге дейінгі балалар. Жиын барысында баяндама жасаған облыстық мәслихат депутаты Анар БЕКСҰЛТАНОВА осы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ескерілуі керек мәселелерге кеңінен тоқталды.

– Кейбір мейірімді жандардың арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіліп жатыр. Дегенмен көкейде жүрген сұрақтар елімізде инклюзиті қоғамды дамыту қалай жүріп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаншалықты қамқорлық көрсетілуде. Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасалғанба деген сұрақтар мазалайды,-дейді Анар Бексұлтанова, облыстық мәслихаттың депутаты

Жауаптылар сөзінше биыл мүгедектігі бар адамдардың жеке реабилитациялау және оңалту бағдарламаларына бюджеттен 3,4 млрд.теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік қызметтерге 2,1 млрд.теңге қарастырылған. Осылайша 10 айда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында тіркелген 24 719 өтініштің, 22 967-сі қанағаттандырылды дейді. Сонымен қатар әрі қарайда ерекше жандарға қоғамда тең мүмкіндіктер жасау саясатын жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстар атқаратындарын айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *