BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында 8 сұрақ, оның ішінде 2 тәртіптік іс қаралды.

Құрылыс саласына қатысты өткен кеңестің кезекті отырысында бірқатар заң бұзушылықтар орын алғандығы айтылды. Мәселен осыдан 2 жыл бұрын “Арай” тұрғын алқабында 600 орындық мектепке құрылысв басталған. Биыл 3 тамызда зерделеу жұмыстары кезінде 1 млрд 1000млрд жұмысы орындалғандығы белгілі болған. Бірақ 25млн тенгеден астам қаражаттың игерілмей қалғандығы анықталған.

– Апталған нысан бойынша жұмыстар аяқталмай оны басқа мердігерге жұмыстардың орындалмаған бөлігін тапсырып, кейінгі мердігер жұмысын жалғастырған. Аталған нысан қабылданбаған қазіргі таңда,-дейді Мақсат Ақынбек, Тараз қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры

Бұдан бөлек өткен жылы қазан-қараша айларында есіктерді орнату кезінде де кемшіліктер орын алғандығы белгілі болған. Мамандардың сөзінше есіктерді қою кезінде 50 шаршы метр дұрыс орындалмаған. Өйткені…

– Бұл жерде прокурор мырзанын тапқаны рас. Шаршы метрі жетпиді есіктің. Бірақ ол жақты артық көрсетіп қойған сметада. Мектептерде есіктің тобы бар. Есіктерде тобымен бар. Бірақ артық көрсетіп қойған соң, оны орнататын жер болмағаннан кейін біз оны скучаемый добавляемыйға қостық. Бірақ бұл жерде автордың человеческий фактор ғой қателігі адамның сол көрсетпегені,-дейді Әлібек Аманбай, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқарма басшысының орынбасары

Жиын соңында сөз алған комисия төрағасының айтуынша аталған құрылыстың аяқталу мерзімі болмаған соң, тәртіптік жаза қолданылмайды. Сондықтан уақытша тоқтату туралы керектігін айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *