BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

БАЙЗАҚТА 25 ОРЫНДЫҚ АМБУЛАТОРИЯ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Жамбыл облысы Байзақ ауданында жаңа амбулаториялық аурухана қолданысқа берілмек. Ауданға қарасты Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылында бой көтерген нысан бір күнде 25 адамды қабылдауға қауқарлы.

Жетібай ауылында бой көтерген амбулаторияға 230 млн теңге жуық қаражат жұмсалған. Ағымдағы жылы тамыз айында басталған нысан желтоқсан айында қолданысқа беру жоспарланған. Жоспардан ерте аяқтап қалуымыз мүмкін деген мердігер бұл нысанға керек жарақтының бәрін сатып алып қойдық дейді.

– Жетібай ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысына 230 млн тг қаражат бөлінген болатын. Олардың ішіне медициналық құрал-жабдықтарда кіреді. Қазіргі таңда жұмыстар 100 пайызға аяқталуға жақын. Құрал жабдықтар, Жиһаз барлығын сатып алынды барлығы дайын.// //Құдай қаласа, желтоқсанның 9-ы күні бұл ауылдың тұрғындарына береміз,-дейді Тофик Розиев, «Нұр тұрсын» ЖШС директорының орынбасары

Бұған дейін ауыл тұрғындары құлауға шақ тұрған нысанда емделген. Сондықтан Жаңа амбулаторияның салынуы қуанышты жаңалықтардың бірі болған.

– Тұрғындары қуанып жатқаны бұл ауылда осы кезге дейін болмаған ескі амбулаториялары болған оның өзінде ауданға сол жаққа жіберіп отырған. Енді еш қайда бармай осы ауылда емделеберуге болады.25 адамдық амбулатория соғылып жатыр. Құрылыс өте қарқынды жүріп жатыр дегн ойдамыз енді өзіміз. 20 дан көп жұмысшы істеп жатыр,-дейді Сәндібек Базарбаев, құрылысшы

Жауаптылардың айтуынша ауылдарда халық саны жыл сайын көбейіп жаттыр. Сондықтан бұдан бөлек ауданға қарасты Диқан ауылындада амбулаторияның кірпіші қаланып, желтоқсан айында аяталмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *