БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
20 қараша дүниежүзілік балаларды қорғау күні. Осы орайда бүгін Тараз қаласында Жамбыл политехникалық колледжінде «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты республикалық онкүндікті шеңберінде жиын өтті.
Отанымыздың ертеңі де, өркені де бүгінгі ұрпақ. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен құқықтарыының тапталмауы маңызды. Мамандар жеткіншектер өз-өздерін қорғап алу мүмкіндіктері аз болғандықтан бұл мәселеге ерекше мән берілуі керек дейді.
– Бізде мынау осы ағымдағы жылдың 15мен 25 қараша аралығында мынау дүниежүзілік балаларды қорғау күні деп арналған балаларға арналған ұйымдастыру шаралары өткізілуде. Жаңағы балаларды қорғау туралы зорлық-зомбылықты алдын алуға оларға өз құқықтары жайлы кеңестер беріледі,-дейді Анар Мұсаева, қалалық пб жпқ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Жиынға қатысқан жастарда бұл пікірмен келіседі.
– Дүние жүзілік жоғарғы қорғау күні балаларға арналған өмір атты іс шара өткізілді. Бүгінде бұл іс шара барлық жер жерде аталып өткізілуде. Дүние жүзілік балаларды қорғау күні ересектерге балалар әлемі нәзік екенін оларға үнемі қолдау мен қорғау қажет екенін еске салады,-дейді Ділмұрат Шапенов студент
Жиын соңында мамандар әр отбасыда бала адамгершілік, әдептілікті сынды қасиеттерді бойына сіңіру керек деген пікірмен тарқасты. Ал өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқығы кез*келген жағдайда заң жүзінде қорғалуы керек дейді.