«ПАЙДАЛЫ COFFEE-TIME» БИЗНЕС-ФОРУМЫ
Бүгін «пайдалы coffee-time» бизнес-форумы өңірдегі 300-ге жуық кәсіпкердің басын қосты. Бұл жоба ақпан айында басталған. 9 ай бойы кәсіпкерлер апта сайын өз тәжірибелерімен бөлісіп, бизнесті дұрыс құру бойынша білім алған. ал бүгін жобаның қорытынды кездесуі өтті
Бизнеске енді аяқ басқан азаматтар мен кәсіпбін көркейткісі келетіндер 9 айда 34 рет кездескен. Жалпы жобаға барлығы 950 адам қатысқан. Бұл «jusan» банкі мен «samo» халықаралық адамды дамыту орталығының бірлескен жобасы. Айта кету керек, ауқымды бизнес форумның негізін қалаушылардың бірі – Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Әмина Қайназарова.
– Бұл жоба кәсіпкерлерге арналған апта сайын бір рет сатуда жусан банкте өтеді. Бұл жоба кәсіпкерлерді бизнесті дұрыс жүргізу бойынша білім беру. Мен ойлаймын өте керекті өзекті жоба,-дейді әмина қайназарова, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі
Әмина Қайназарованың айтуынша әр кездесу сайын жоба құрамы 30 пайызға жаңартылып отқан. Әрі жаңа кәсіпкерлер де тартылыпты. «Пайдалы coffee-time» 15 ақпанда бастау алған. Ал оған тіркелу де, кіруде тегін.
– Бүгінгі форумның басты мақсаты – жергілікті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, өзара тәжірибе алмасу және жалпы 9 айдың қорытындысын шығару. Кездесу барысында бірқатар өзекті тақырыптар қозғалады,-дейді жандос махашов, «jusan» банкі жоф директоры
Айта кетейік шара барысында кәсіпкерлерге арналған «21 ғасыр валютасы» шеберлік сабағы өтті. Алдағы уақытта да дәл осындай кездесулерді ұйымдастырылмақ.