BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ШУДА ЖАҢА БІЛІМ ОШАҒЫ АШЫЛДЫ

Шу ауданында 300 оқушыға арналған жаңа білім ошағы пайдалануға берілді.

Әл-Фараби атындағы орта мектебі 3 қабаттан тұрады. Білім беру мекемесі пәндік бөлмелері мен оқу кабинеттері заман талабына сай арнайы жабдықталған. Мектептің жобалық құны 905 млн теңгеден асады. Жалпы аталған ауданда келер жылы 2 жайлы мектептің құрылысы басталмақ. Ұстаздар мен оқушылар үшін қуанышты күнде өңірдің бас ұстазы Мейірхан Азатұлы да мектеп ұжымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Құрметті ұстаздар ата-аналар біз жақсы ұл қыз тәрбилейміз дейтін болсақ, бізде бірлескен жұмыс болу керек. Жалғыз мектептің ғана емес, бізге осы ата-аналардың қолдауы, ата-аналардың осы бірлесіп балалар мен бірге жүріп еңбек етсе ғана біздің ұрпақ тәрбиелі, білімді ұрпақ болып қалыптасады. Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын,-дейді Мейірхан Өмірбек, Облыстық білім басқармасының басшысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *