BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kzАймақЕлКЕРЕКЭкономика

ҚАЗФОСФАТҚА 1,9 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ САЛЫҚ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Жамбылдық прокурорлар кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам соманы қайтарып берді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілер анықталған. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде мемлекетке екі еселенген салық төленгені белгілі болған. Ал прокуратура өкілдері заңсыздыққа тап болған тұлғалардың мәселесін шешуге мұрындық болып отыр, деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Елімізде кәсіпкерлердің арыз-шағымдары жерде қалмай, әр дерек бойынша жедел әрекет ету үшін облыстық, тіпті аудандық деңгейге дейінгі прокуратураларда Бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс істейді. Бұдан бөлек былтыр 12 ай ішінде прокурорлар 4 мыңнан астам жамбылдық кәсіпкердің құқықтарын қорғаған. 

Қазфосфат ЖШС құқығы қорғалды. Прокурорлық АКТ негізінде 1,9 млрд теңге аталған инвесторға қайтарылды. Ол өз кезегінде салық органдары 1,9 млрд артық есептеп, қайтарудан бастартқан,-дейді  Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Абай Алтаев.

Прокуратура 44 лауазымды адамды тәртіптік жауапкершілікке тартып және бизнес субъектілерінде 5 жүйелі мәселені шешкен. Сонымен қатарбірқатар жер ала аламай жүрген кәсіпкерлер мәселесі де реттелгенге ұқсайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *