JAŃALYQTAR

15 ҚАЗАНДА ЖЫЛУ БЕРІЛЕДІ

Жамбылдықтарға 15 қазаннан бастап  жылу беріледі. Жауапты кезеңге жылу энергетика кешендері толық дайынбыз деп, облыс әкімі алдында есеп берді. Сөз бен іс қаншалықты қабысады? Бас ғимаратта осы бойынша қандай мәселе қаузалды? Ардана Жарылқасын.

Қыс шанаңды жаз сайла. Аудан әкімдері жылыту маусымына сақадай сай тұрмыз деп есеп берді. Әуелі әлеуметтік нысандар мен мектептерде қажетті  мөлшерде отын жеткізілгенін де жеткізді. Алайда, аудандарға арнайы барған  зердедеу тобының мәліметі тым бөлек.

 Мәди МӘТЕН  – АППАРАТ БАСШЫСЫ            

Бұдан бөлек мамандар 10 мың тоннадан астам мазут, 1240 тонна көмірдің резервтік қоры бар екенін айтып отыр. Қатты отын  сататын 31 нысанмен келісім-шарт бар. Ал биыл халық шамамен 160 мың тонна тас көмір тұтынады деп жоспарлануда.  Бірақ, бұл алдын-ала болжам ғана болғандықтан, бәрі қадағалауда болу қажеттігін әкім қатаң ескертті.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құрметті басқарма басшылары. Аудан әкімдері 1 ай уақыт қалды. Абаттандыру тазалау жұмыстрын жүргізу керек. оған қаражат бөлінген. Уақытты тиімді пайдаланыңыздар. Ақшаны қысқартқан жоқпыз. Тараз қаласына ғана абаттандыру жұмысына бөлеміз. Аулдарға бөлмейміз.

Айта кетейік, Жамбылдықтар биыл 9 отын- энергетика кешені жылумен қамтамасыз етеді.  Ала жаздай бірқатар нысандарда жөндеу, алмастыру, қалпына келтіру сынды жұмыстар жасалған. 15 шағын ауданның жылу желілері ауыстырылып, «таразэнергоорталықтың» түтін мұржасы жөнделген. Жергілікті бюджет есебінен Тараз қаласындағы 6 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жүргізілген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *