BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

БЕРІЛГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ИГЕРІЛМЕЙ ЖАТЫР

Жамбылда жер кезегіне тұрған азаматтардың саны күрт көбейген. Қазірдің өзінде 8 мыңға жуық азаматқа жер телімі берілген. Бірақ мамандар сөзінше үй салуға кезек бойынша берілген жердің көбісінде құрылыс жұмыстары әлі күнге дейінбасталмаған. Осындай дерек тіркелген әр аудан әкімдерінен аймақ басшысы аппарат отырысында жауап алды.

Жамбыл облысында жер кезегіне өтініш білдірген азаматтар саны 240 мыңнан асқан. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының айтуынша өтінішті қабылдау электронды нұсқаға көшкен соң кезекке тұрғандардың саны күрт көбейген. Ал кезек бойынша таратылған 7 445 жердің бүгінгі күні тек 954-де ғана құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бақылауға алынбаған жұмысқа жауаптыларға аймақ басшысы ескерту жасады.

– Үй саламыз деген азаматтардығ бастарын жинап әл ауқаттарын жоспарларын сұрап анықтап соны қысқартуға болу шеді. Осы жұмыс жүйелі түрде қойылу керек,-дейді Ербол Қарашөкеев, жамбыл облысының әкімі

Мамандардың айтуынша таратуға дайындалған алқаптарға алдын ала инфрақұрылым жүргізілген. Алайда жеке тұрғын-үй құрылыстары басталмаған соң электр кабельдері, трансформатордың ішкі бөлшектері, көше жарық шамдары мен люктер ұрланып жатыр. Мәселені негізге алап отырып жиын соңында қала мен аудан әкімдіктеріне жаңа алқаптардың инженерлік желілерін қорғауды қамтамасыз ету шаралары ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *