BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАНДА ӨЗЕКТІ

Елімізде экология мәселес күн тәртібінен түскен емес. Бүгінгі күні жамбылдық тұрғындарды толғандырған мәселелердің бірі – Казфосфат зауытының қалдықтары. Қазір бұл кәсіпорында көлемі 16 млн тоннадан асатын фосфогипс жинақталған 2 үйінді бар. Бұл мәселеге қатысты Таразға келген Экология министрі Нұрлан Нысанбаев өз пікірін білдірді.

Жамбыл облысының 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық мәселелерді шешу бойынша жол картасында 15 іс-шара көзделген. Бүгінгі күні оның 10 орындалып, 4еуі орындалмаған. Министрдің сөзінше өтініштерді талдау барысында да жамбылдықтарды толғандыратын бірқатар жүйелі экологиялық проблемалар бар екені анықталған. Солардың бірі «Қазфосфат» ЖШС-нің қалдықтары.

– Қазфосфатың бағанағы жел болса, желмен ұшырып ауаны ластайтын қалдықтарын жою мәселесі. Осы жұмыс бойынша қазір акимат сол заводтармен бірігіе отырып біз оған талап қойып отырмыз. Бірден айтып кетейін жылдың басынан бері жол картасы жасалынған сол жерде 15 іс-шара қарастырылған соның біраз пунктері осы қазфосфаттың жағдайы,-дейді Ерлан Нысанбаев ҚР экология және табиғи ресурстар министрі

Сондай-ақ, қоқыс мәселесі де өзектілігін жоғалтай отыр. Министрдің айтуынша, экологиялық кодекске түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл ретте, бүгінгі таңда қалдықтар бойынша жобалардың алдын ала пулы қалыптастырылуда дейді.

– Қай өңірде болмасын қоқыс проблемасы бар. Сол себептен біз Жасыл даму мекемеміздің қаражатын көбіне басымын осы қоқыс проблемасына жұмсайтын боламыз. Ол не дегеніміз бүгін біз қатты тұрмыстық қалдықты реттеу мәселесін қолға алып жатырмыз. 200млд ақшаны 3 жылға Жамбыл облысына үкімет қаулысын әзірлеп қойдық,-дейді Ерлан Нысанбаев ҚР экология және табиғи ресурстар министрі

Айта кетейік, стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау үшін экология министрлігі заңнамалық деңгейде бірқатар шаралар қабылдаған. Сондай-ақ жеке тұлғаларға қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұлдар 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін көбейіп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *