BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

АУДАН ӘКІМІ ЛАУАЗАМЫНА КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда сайлау жүйесі жетілдірілуде. 2021 жылдан бастап елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі іске қосылған еді. Президенттің жақындағы жолдауынан кейін ендіаудан әкімдерінде халық өзі сайлайды. Бұл бастама алғаш болып Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарында өтпек.

Алғаш рет өтетін аудан әкімдерін сайлауға партиядан кандидат ұсыну процесі басталды. Атап айтқанда, бүгін Жамбыл облысында Аманат партиясының Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс 41-ші конференциясы өтті. Конференция делегаттары әкім лауазымына ұсынылатын кандидаттарды бекітті. Жуалы ауданының әкімі лауазымына кандидат ретінде Мұртаза Жалғас Әлижанұлы ұсынылды. Алдағы күндері ол аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өтеді.

– Біз «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалы партия атынан өзіміздің алдағы 5 қараша күні өтетін аудан әкімінің сайлауына өз кандидатурамызды ұсынып және оны бекітіп алдық. Енді сол сайлауда біхдің бастаушы партия ұйымдары белсенді рөл атақаратын болады,-дейді Руслан Сайлаубаев, «Аmanat» партиясының мүшесі

Сондай-ақ, бүгін «AMANAT» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының кезектен тыс 39-шы конференциясы өтті. Іс-шараға 200-ге жуық делегат қатысып, олар аудан әкімі лауазымына Ернар Есіркеповты ұсыну туралы шешім қабылдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *