BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЕРЛІГІМЕН ЕСТЕ ҚАЛҒАН БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев бастаған еліміздің әр өңіріндегі халық қаһармандары мен Қазақстан Еңбек Ері атағын иеленген азаматтар Жамбыл жеріне табан тіреді. Аймақ басшысымен бірге Б.Момышұлы, Ғазиз БАЙТАСОВ пен Мейіржан АЙМАНОВТЫҢ рухына тағзым етіп ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Дәл осы күні 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Жиналған халықтыңда қарасы қалың болды. Әскерде борышын өтеп жатқан азаматтар дың рухын көтеру мақсатында генерал-лейтенат БақытжанЕртаев әскери ант қабылдаудың ерекшелігіне отан алдындағы борыш өтеудің маңыздылығына тоқталды.

– Мен ант алғаныма 56 жыл болды бірақ сол ант әлі жүрегімде. Ешқашан оны ұмытпаймын себебі отан алдында ант алдым. Әр бір перзент дүниеге келген әрбір қазақстандық отан алдында ант алуы керек,-дейді Бақытжан Ертаев халық қаһарманы

Ел құрметіне ие болғандар мен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен азаматтардың қатысуымен «Елдіңбүгіні мен ертеңіне деген сенім»атты ІІ республикалық конференция өтті. Жиында Бақытжан Ертаев Халыққаһармандары мен еңбек ерлерінің барлығын жіті тоқталып таныстырды. Ал өз сөзінде аймақ басшысы облыстың тарихына тоқталып, келген қонақтарға алғысын білдірді.

– Өздеріңіз бен ұйымдастырылған осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпаққа, жас ұрпақтың рухты әрі отаншыл болып қалыптасуына айырықша ықпал етеді деп сенеміз,-дейді Ербол Қарашөкеев, жамбыл облысының әкімі

Өңірге сапарлап келген қонақтардың бір бөлігі облыстық этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Айта кетейік облыста 75 этномәдени бірлестік бар. Жиын барысында сөз алған этномәдени бірлестік өкілдері алуан түрлі ұлттардан құралған ауызбіршілігі жарасқан ел екенімізді тілге тиек етіп, мемлекетіміздің жаңғыру мен одан әрі даму жолында өлшеусіз үлес қосатындықтарын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *