BASTY BETJAŃALYQTARSportTARAZ 24 ONLINE kz

ТАРАЗДЫҚ ОҚУШЫ «ШАХМАТ КЕРУЕНІНІҢ» ФИНАЛЫНА ӨТТІ

Екі ай ішінде еліміздің 18 өңірін аралап шығатын шахмат керуені Жамбыл облысына келіп тоқтады. Керуеннің келу қарсаңында «Көне Тараз» этномәдени кешенінде мерекелік шара өтті. Freedom Broker бас серіктесінің қолдауымен жүзеге асып жатқан республикалық жобаның мақсаты – өңірлерде шахмат спортын кеңінен насихаттау.

10-қыркүйекте жолға шыққан автокеруен еліміздің 9 қаласын аралап үлгерген. Салтанатты шара барысында Қазақстан шахмат федерациясының жамбыл облыстық филиалы ашылып, оның төрағасы болып кәсіпкер, меценат Қуат Қожамжаров сайланды. Этномәдени кешенде тігілген мобильді киіз үйде халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Мадина Дәулетбаевамен бір мезеттік ойын сеансы өтті. Сонымен қатар онда облыстық кезеңнен іріктелген 20 адам арасында шахматтан турнир болды.

– «Шахмат керуені» сияқты мәртебесі биік, дүбірлі доданың қасиетті Әулиеата жерінде өтуі – спортсүйер қауым үшін үлкен мәртебе. Шахмат тек спорт қана емес, сонымен қатар балаларды тәрбюиелеудің сенімді құралына айналғаны сөзсіз. Бүгін облыс бойынша шахматпен спорт секцияларында, спорт мектептерінде 13 мыңнан астам спортшы шұғылдануда. Спортшыларымыздың шахмат керуені арқылы биік ареналарда көрінетіндігіне сеніміміз мол,-дейді Нұржан Календеров жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

– Тарихы мол тараз қаласында қаншама шахматшының басын қосып керемет шара өтіп жатыр. Жиналған баршаңызға алғысымды білдіремін. Елімізде шахмат қарқынды дамып келеді. Былтыр астана қаласында әлем чемпионаты өтті. Оған ең мықты шахматшылар қатысты. Бибісара Асаубаева әлем чемпионы атанды,-дейді Марат Есенов, қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті

Облыстық кезеңде оза шапқан жеңімпаздар қаржылай сыйақыға ие болады. Олар қараша айында Түркістан қаласында өтетін гранд финалға жолдама алады. Олардың арасында тараздық бір мектеп оқушысы «шахмат керуенінің» финалына өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *