ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СИРЕНАЛАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға маңызды хабарлама таратты. «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 2026 жылғы 25 ақпан күні сағат 11.00-де облыс аумағында дыбыстық ескерту жүйелері іске қосылады. Электр сиреналары мен сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы «Баршаның назарына!» дабылы беріледі. Сонымен бірге телерадиоарналардың хабар тарату желісінде уақытша үзілістер болуы мүмкін – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Мамандар бұл шара азаматтық қорғаныс жүйелерінің дайындығын тексеруге бағытталғанын жеткізді. Құзырлы мекеме тұрғындардан дабыл сигналы берілген уақытта сабыр сақтап, ақпараттық хабарламаларды назарда ұстауды сұрайды. Сирена жұмысы жоспарлы тексеру екенін еске салды. Халыққа алдын ала хабар беру мақсаты – төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібін пысықтау.
Is this conversation helpful so far?Инструменты

