BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ТАРАЗДА

Бірер күннен кейін Жамбыл облысына халық қаһармандары мен еңбек ерлері табан тіремек. Өңірге келген қонақтар аймақтан шыққан батыр тұлғалардың ерлігін насихаттап, «Елдің бүгіні мен ертеңіне деген сенім» тақырыбында конференция өткізбек. Халық қаһарманы, генерал-лейтенат Бақытжан Ертаевтың айтуынша елі үшін отқа да , суға да түскен азаматтарды ел тани бермейді.

– Тіпті ашығын айтайын көбісі білмейді жоғарыдағылар қанша қаһарман бар, қанша еңбек ері бар. Тіпті атын айтып фамилиясы емес қанша екенін білмейді.Кейбіреулер мынау не деп сұрайтындар болды. Мына іліп алған қандай значок дейтіндер болды. Косманавты мынау кім десем танымайды. Біз батырмен мақтаныш болған халықпыз,-дейді Бақытжан Ертаев, «tayelsiz qazaqstannyn halyq batyrlary» рқб төрағасы

Халық қаһарманының сөзінше 18 қарашада облыста бірқатар іс –шаралар легі өткізіледі. Бауыржан Момышұлы, Ғазиз Байтасов пен Мейіржан Аймановтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі конференцияға ұласпақ. Бұдан бөлек Байзақ пен Жамбыл аудандарына арнайы атбасын бұрып, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздармен, спортшылармен де кездесу болады. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы мен халық жазушысы Шерхан Мұртаза шыққан Жуалы жеріне баруда жоспарда. Басты мақсат – Отан үшін кеудесін оққа тосқандар мен ел үшін еңбек еткен ерлердің есімін жаңғырту.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *