BASTY BETBILİKJAŃALYQTARАймақ

Ресми ақпарат

​​​➤ 2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

​​​➤ Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 баллды құрады.

​​​➤ Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.

​​​➤ Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

​​​➤ Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда.

​​​➤ Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.

☎️ 8(7262)513575 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылған.

​​​➤ Толық ақпарат қосымша жолданады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *