BASTY BETJAŃALYQTAR

ОТБАСЫ – ҚҰНДЫЛЫҒЫҢ

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында Шу ауданында «Отбасы – құндылығың» тақырыбында отбасылық байқау өтті. Төле би ауылы М.Әуезов атындағы орта мектептебіндегі іс-шара «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жанұялық жарыста бірнеше жас отбасы қатысып, шаңырақтағы ауызбіршіліктері мен тату тірліктерін көрсетті. Байқауға қатысушыларға бірнеше кедергілерден өту тапсырылды. Барлық тапсырма екі жастың қандай қиындықтан бірге өтуге, ұл-қыз өсіруде ата-ана жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Атап өтетін болсақ, «Ым-жым», «Жағдаят», «Отбасылық сурет» және де «Үй тапсырмасы». Әр бөлімге тиянақтылықпен келген «Тату тәтті», «Болашақ», «Сұлулық» пен «Біз біргеміз» атты отбасылық командалар өзгелерге үлгі болып қана қоймай, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұйымдастырушылар мұндай мәндегі іс-шараның дәл бүгінгі қоғамға аса қажеттілігін ескеріп, алдағы уақытта да жиі өткізуді жоспарлады. Ал жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *