БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Бүгін цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Байзақ ауданына қарасты Үлгілі, Аймантөбе ауылдарына іс-сапармен барды. Естеріңізге сала кетейік, бұл ауылдарда интернет желісінің нашар екендігі бұға дейін де көтерілген еді. Осы мәселемен жіті танысып, тұрғындармен тілдесті. Министр мәселені шешу үшін жауаптыларға тапсырма берілді,- деп хабарлайды taraz24news.kz
Үлгілі мен Айман төбе ауылдарында 2144 ауыл тұрғыны ұялы телефон арқылы жылдамдығы баяу интернетті пайдалануға мәжбүр болса, 23 абонент ақылы интернет жүйесін пайдалануда. Ал 21 үй радиомост кабельмен қамтылған. Beeline, Kcell, Tele 2 операторларында 3 G интернеті жұмыс жасайды. Мән жайға қанық болған министр елді мекендердегі байланыс пен интернеттің сапасы көңіл көншітпейді, деді.
Бағдат МУСИН, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ
– Жалпы, бірде-бір үйде тұрақты, сапалы интернет жоқ екен. Әркім мобильді интернетті пайдаланады, бұл дакөңіл көншітпейді.
Іс-сапар Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында жаңадан ашылған “New Con” Халыққа қызмет көрсету орталығында жалғасты. Бұл Жамбыл облысында ашылған замануи алғашқы орталық. Бағдат Мусин кеңсеге оң бағасын берді. Айта кетейік, енді дәл осындай орталық Қордай, Жуалы аудандары мен Тараз қаласында ашылады.
Ермек АБДИВАИТОВ, БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МА
-Облыс бойынша Байзақ ауданында ашылған ең алғашқы кеңсе болып отыр. Жалпы көлемі 1080 кв/метрден тұрады. 39 қызмет көрсету орындары жұмыс жасайды. Ыңғайлы болуы үшін «New Con» инвестициялық жобасымен ашылған фронт офисты көріп отырсыздар. Өте ыңғайлы, халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында жасалған фронт офис болып отыр.
Қорыта айтсақ, Бағдат Мусин ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС маусым айынан бастап Kcell компаниясы Аймантөбе ауылына 4 G байланыспен қамтитын мұнара ОРНАТЫЛАДЫ. Жол картасына да енгізіліп, 155 ауылға байланыс пен интернет қолжетімді болмақ.
Құралай Нұрланқызы, taraz24news.kz