BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«ЕГІНЖАЙ-2023» ДАЛА СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жамбылдық диқандар дәстүрлі егіс күнін өткізді. Шара аясында Байзақ ауданында «Қант өнеркәсібін дамыту» тақырыбында шаруалар семинарға қатысты. Форумда бірқатар ауыл шаруашылығы ұйымдарының жұмысы таныстырылып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қант өнеркісібін дамытуға, осы бағыттағы мәселелердің шешу жолдары қарастырылған жиында қонақтар тәтті түбір дақылының өндірісін дамыту туралы стендпен танысты. Қатысушылар техника өндіруші компаниялардың көрмесін тамашалады. ал форумда Аймақ басшысы шараның маңыздылығына тоқталып, тақырыпқа негіз болған бағытты ілгерілету бойынша жоспарлы шараларды атап өтті.

– Баршаңызға белгілі, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, мемлекеттік бағдарламаларды табысты жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Ал диқандардың күнделікті ауыр еңбегін атап өтпеске болмайды. Оңтүстік өңірлер үшін суармалы су тапшылығы өзекті мәселе болып қалып отыр. Сондықтан қазір суды үнемдейтін технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізу маңызды. Нәтижесінде біз ағынды суларға тәуелділікті азайта аламыз,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

Бүгінгі күні өңірде тыңайтқыштардың жаңа түрлері шығарылып келеді. Мамандар сөзінше жақын арада облыста тамшылатып суару жүйесіне қызмет көрсететін сервистік орталық ашылмақ. Ал Шу ауданында суару техникасын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр.

– Сондай-ақ су жүйелерін қалпына келтіру және жер асты суларын тиімді пайдалану шараларын жүйелі түрде жүргізу маңызды. Енді шаруа қожалықтарының ұңғымаларды бұрғылауға кететін шығынының 80 пайызы және инфрақұрылымды жеткізуге кеткен шығынының 50 пайызы субсидияланатын болады. Осылайша заманауи технологияларды енгізуге барлық жағдай жасалған,-дейді Ербол Қарашөкеев жамбыл облысының әкімі

Айта кетейік, биылғы жылы аймақта қант қызылшасы 10,8 мың гектарға орналастырылса, қуаңшылықтың салдарынан оның 6,2 мың гектары жарамсыз күйге түсті. Сондықтан Биыл 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілмек. Нақтырақ айтсақ, 38,9 мың гектарына тамшылатып, 18,3 мың гектарына жаңбырлатып суару технологиясы қолданылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *