ОБЛЫС ӘКІМІ «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС БАРДЫ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Қазфосфат» ЖШС-НІҢ жұмысымен танысты. Қызметкерлерімен кездесіп, сала мамандарының алдағы жоспарларын тыңдап қайтты.
«Қазфосфат» компаниясы әлеуметтік маңызы бар ауқымды жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Атап айтсақ, баспанамен қамтамасыз ету, жалақыны көтеру, қайырымдылық жобалар мен өңірдегі абаттандыру жұмыстарын қол алған. Биыл кәсіпорын қызметкерлерін тұрғын үймен қамту бағдарламасы қарқынды. Жаңатас қаласындағы «Үш би» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталғаннан кейін 226 пәтер жұмысшыларға, жас мамандарға және аз қамтылған отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, Шайқорық ауылында жергілікті тұрғындар үшін демалыс саябағы салынады, дейді жауаптылар.
Айта кетейік «Қазфосфат» серіктестігі өңірдегі химия өнеркәсібінің 90 пайызын құрайды. Кәсіпорын аммофос, фосфор, сары фосфор өндіреді. Дайын өнімнің 80 пайызы Ресей, Беларусь, Украина, Литва, Латвия, Польша сияқты елдерге экспортталады.