JAŃALYQTAR

ТАРАЗ ТУРАЛЫ 9 СҰРАҚ

«Тараз туралы 9 сұрақ». Бүгін шаһарда осындай атаумен қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Әдеби криуз қала күніне арналды. Мұнда Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мамандары азаматтарға қызықты сауалдарын жолдады. Ендеше ол сауалдарға қатысушылар қалай жауап берді? Әсел Қалиеваның сюжетінен.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін тарихи сонау ғасырда жатқан шаһар жайындағы кез келген ақпарат құнды. Әуелі ұйымдастырушылар қоғамдық көліктегі азаматтарға сан түрлі сауалдар жолдады. Қызықты іс-шараны ұйымастырушылар тың  мәліметтермен де бөлісті.

Айжан ҚАЛИАҚПЕРОВА- ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«Мен өзім қоғамдық көлікке жиі мінбеймін. Десе де , бүгін осындай жағдайға куә болып қалдым. Қаламызды жақсы көреміз деп айтамызғой. Бірақ жәй жақсы көрмеу керек екен. Осындай әуендер арқылы таныстырып жатқанына қуаныштымын.»

Қаланың өткені мен бүгіні, мәдениеті туралы ақпараттар аудио жазба арқылы тыңдатылды.  Айта кетейік, бұл іс-шара қазан айының 2-8і аралығында өтеді. Сондай –ақ  қала туралы сұрақтарға дұрыс жауап берген тұрғындарға арнайы сыйлықтар, нақтысы кітап сыйға тартылады.

Ұлбосын СӘУЛЕБАЕВА – ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КӨПШІЛІК КІТАПХАНАЛАР  ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

«Әдеби криузды ұйымдастырп жатырмыз.Март сауда орталығында және жеңіс саябағында осындай іс-шаралар өтуде. Қоғамдық көліктерде түрлі әуендер болып ақын жазушыларымызды да насихаттап жатырмыз.»

Тараз тарихы тереңде жатыр. Ал, оның өткенінен тұрғындар қаншалық хабардар екені, бізді де қызықтырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *