РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ТАРТУ
Республика күніне тарту. Жамбыл ауданында 6 нысан пайдалануға берілді. Биыл сондай-ақ ауданның құрылғанына 95 жыл. Осыған орай жылаяғына дейін бірнеше нысанның салнатты ашылу рәсімі өтіп, тұрғындарға мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қызыл дихан ауылында 800-ге тарта тұрғын бар. Әр үйден кемінде 4 ойын баласы шығады. Енді қаладан шалғай елді мекенде тұратын жастар осында келіп, бос уақытын тиімді өткізе алады. Нысанды соғуға аудандық бюджеттен 10 млнтеңге қаржы бөлінген. Ішіне көгал төселіп, ойынға ыңғайлы етілген.
– Жамбыл ауданы аманаттың ішінде. Біз осы ауылда өстік. Ол кезде не жол не не балаларға мүмкіндік жоқ еді. Талас бойында ойнап жүретінбіз. Ал енді міне, мемлекеттің халыққа жасаған мүмкіндігі өте көп. Барлығы бар. Сіздер үшін,- дейді Шойбек Досыбаев, ауыл тұрғыны
Бүгін сондай-ақ “Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен” велошеру өтті. 30 велотрекші Аса ауылының бас қақпасынан бастап, Қаракемер ауылына дейін жүріп өтті.
– Құрметті аудан тұрғындары Республика күніне орай аудан жастарының қатысуымен велошеру өткізіп жатырмыз. Баршаңызды жалынды жастар атынан мерекемен құттықтаймыз!,-дейді Бақытжан Кейікбаев,аудандық «жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары
Осылайша жастар мемлекеттік мерекеге құрметін ерекше ілтипатпен жеткізді. Әрі тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.