BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАНЫМ»

Көпқабатты тұрғын үйлердің терезелеріне мемлекеттік туымыз ілініп жатыр. Өңір орталығында 25 қазан Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным» атты акциясы басталды.

Бүгін қаланың бірнеше мөлтек ауданында көк байрағымыз желбіреді. Еске сала кетсек Мемлекет басшысы бұл күнді ұлттық дәрежеде қайта тойлауды ұсынған болатын. Бүгінгі күнге дейін қалада 100-ден аса ту ілінген. Бұл акция осымен екінші рет өткізіліп тұр. Руслан Даниярдың айтуынша мұндай акциялар тұрғындар мен жастардың патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған.

– Біз қазір тұрған Абай көшесінің бойында өздеріңіз көріп отырғандай 11 ту. Одан бөлек жалпы шағын аудандар да , 15 мөлтек ауданында, жалпы қаланың барлық аудандарын қамтылды. Бұл ту ілу мен біз және қала тұрғындарының одан бөлек біздің жастарымыздың Отан сүйгіштігін артырамыз деген сенімдеміз. Жалпы сіздерді келіп жеткен Республика күні мен құттықтаймын. Осылай тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын,-дейді Руслан Данияр, Жастар ресурстық орталығының маманы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *