«МЕНДЕЛЕЕВ СЫНЫБЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Менделеев сыныбы» жобасы бастау алды. Дарынды оқушыларға арналған игі бастама математика мен химия пәндері бойынша олардың білімін шыңдауға арналған. Жаңа жоба жайында толығырақ алдағы бейнематериалда.
«Менделеев сыныбы» жобасы Ресей химия-технология университетімен бірлесіп қолға алынған. 10-11сынып оқушыларына арналған. Мақсаты өңір жастары арасында химия және инженерлік мамандықтардың беделін арттыру. Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерін терендетіп оқыту болып табылады.
– Елімізде әлемдік стандарттар деңгейі сапалы білім беру қызметін жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалып келеді. Оның ішінде Жамбыл облысында мемлекет жамбыо облысы тарапынан білім саласына үлкен көңіл бөліп келеді. Оған барлықтарыңыз күнделікті барлығыңыз куәсіздер. 2019 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражатынан жоғарғы білім алу үшін гранттар қарастырылып келеді. Биылғы жылы біз 60 грант бөлсек, келесі жылы біз 90 грант бөлуді жоспарлап отырмыз,-дейді Нұржан Календеров, облыс әкімінің бірінші орынбасары
Университет басшылығы болса химия саласы бойынша білікті кадр даярлау басты міндетімізі. ТИісінше химия мен математика пәндері тереңдетіліп оқытылады дейді.
– Біз үшін Тараз қаласында менделеев сыныбтарының ашылуын химиялық инженерия және өнеркәсіп саласында жоғарғы білікті саласында мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні бәрімізге белгілі. Жас ұрпақ химия өнер кәсібін жаңа заманауи деңгейде көтеруге ұмтылу керек. Ол үшін ұстаздар және ата-аналар қауымдастығы болып бәрімізге бір қолда еңбек етуіміз қажет,-дейді Мұхтар Байжұманов, М.Х.Дулати Тарөу басқарма басшысы
Айта кету керек, «Менделеев сыныбын» аяқтаған соң түлектер Дулати университеті мен Ресей химия-технология университеті қабырғасында оқуын жалғастырып, сапалы химия-технология бағыты бойынша білімін шыңдауға мүмкіндік алады.