МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАРТУ
Еліміз үшін маңызды ұлттық мерекеміз Республика күні қарсаңында әр өңірден қуанышты жаңалықтар жетуде. Әсіресе шалғай ауылдарда спорт алаңшаларының ашылуы халықтың көңілін көтеріп тастады. Мұндай игі жобалар, Байзақ ауданында да жүзеге асырылып отыр. Соның бір айқын айғағы –Базарбай елдімекенінде спорт алаңшасы ел игілігіне берілсе, Сарыбарақ ауылында «Ардагерлер аллеясы» ашылды.
Байтерек ауылдық округіне қарасты Базарбай елді-мекенінде ашылған шағын футбол алаңшасы жергілікті бюджет есебінен соғылған. 7,5 миллион теңге қаражат жұмсалған нысан мереке қарсаңында жеткіншектерге үлкен тарту болды. Салтанатты жиында сөз алған Аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов мерекелік жылы лебізін білдірді. Балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, алдағы уақытта ,даңқты спортшылар шықса деген тілегін айтты.
– Ең басты мәселе бұл жерде балалардың спортпен айналысуына мүмкіндік беру. Бұл мәселені кеше Мемлекет басшысы өз жолдауында айтып кетті. Біз барлық қолайлы жағдайларды жасау міндетіміз басты міндетіміз деп айта кетті. Сондықтан бүгінгі ашылып отқан нысан құтты болсын. Осы ауылдың игілігіне жарасын, Жастар ойнасын. Жастар дамысын. Спортпен айналыссын,-дейді Талғат Жамалов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары
Ал Сарыбарақ ауылындағы аллея ардагерлеодің құрметіне орай ашылып отыр. «Туған жерге туыңды тік” жобасы аясында ауыл тұрғындары, осы ауылдың түлектерінің демеушілік еткен. Аллеяда Ұлы Отан соғысына қатысқан барша ауыл ардагерлері, еңбек және Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің есімдері қашалып жазылған.
– Бұның басында негізінен жастар өздері бас қосып, ұйымдасып, соның нәтижесінде көріп отырсыздар мынандай аллея іске қосылып жатыр. Жастарға тағы да мына жерде әлі бірталай жұмыстарды істеп, жұмыстарын әлі жалғастырады деген ойдамыз. Және сонымен қатар бұны әрі қарата округтік әкім балансына өткізетін боламыз. Содан соң мемлекеттің қарауында болатын болады,-дейді Елемес Есімов, ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы
Осындай жарқын іске үлестерін қосқан азаматтардың еңбегі елеусіз қалмады. Оларға аудан әкімінің Алғыс хаты, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы табыс етілді.