ТАРАЗДА «АРМАНДА» БИЗНЕС ФОРУМЫ ӨТТІ
Халықаралық “Арманда” білім беру бизнес-форумы Таразда жалғасын тапты. Баласағұн орталық концерт залының сахнасында спикерлер ретінде медиаменеджер Арман Дәулетяров, тележүргізуші Лейла Сұлтанқызы және айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов сынды белгілі тұлғалар тақырып аясында ой қозғады.
Астанадан бастау алған форум Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтеді. Форум спикерлері халыққа мақсатқа күйзеліссіз қалай жетуге болады, өмірлік тепе-теңдікті сақтаумен қатар жетістікке жетудегі өз құпияларымен де бөлісті. Сондай-ақ Отбасылық құндылықтар, гендерлік теңдік және әйелдердің қоғамдағы рөлі сынды маңызды әлеуметтік тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Мұндай ауқымды шараны қолға алудағы басты мақсат жастар арасындағы мәселелерді анықтап, оларға барынша қолдау көрсету дейді. Жоба авторлары
– Залда отырғандардың тек 50 пайызы жастар. кейбір қалаларда 70-80 пайызға дейін жастар келеді. Олар үшін біз өз тәжірибемізбен, білімімізбен бөлісеміз. Халықпен тығыз байланыс орнатып, жай ғана сөйлесу үшін ел аралап жүрміз. қазіргі жастарға білімнен басқа не жетіспейді десек, Әрине назар. Форум аясында Олар бізбен бірге суретке түсіп қана қоймай, қалаған сұрақтарына жауап ала алады,-дейді Арман Давлетяров, медиа-менеджер
Спикерлердің айтуынша “Арманда форумы тек қиялға ерік беруді ғана емес, әрекет ете отырып нәтижеге жетудің қыр
сырлары сөз болады. Жалпы байқағанымыз еркін форматта өткен форумда тараздықтар өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына нақты жауап ала алды