BASTY BETJAŃALYQTAR

ШАХМАТШЫЛАР ТАРАЗДА БАС ҚОСТЫ

Таразда шахматтан ересектер арасындағы республикалық чемпионаттың жартылай финалдық ойындары басталды. Айта кету керек іріктеу ойындары біздің өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 25 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін байқау 9 турдан тұрады.

Классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы сайысқа жалпы 120 азамат қатысып отыр. Жарыстың жүлде қоры 2 млн теңге. Жартылай жиналған ойыншылар еліміздің 11 облысы мен 3 қаласынан келген. Чемпионат шарты бойынша жартылай ақтық ойында әр аймақтан 3 адам бақ сынай алады немесе ақылы түрде қосылуға мүмкіндік берілген. Айта кету керек, жеңімпаз атанғандар республикалық финалға жолдама алады.

– Мысалы осы жартылай финал болса, жартылай финалдан финалға өтеді, финалды ұтқандар азия және әлем чемпионаттарына іріктеліп барады. Негізі жас ерекшелігі жоқ шахматта мысалы кішкентай балалар қыздар үлкен кісілермен ойнай береді. Деңгейге қарайды, санаты, тәжірибесіне қарайды рейтинг разрядь дейді осыған іріктеледі,-дейді Әлібек Утеулиев, ЖО шахмат федерациясының төрағасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *