BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне үлкен мән берген. Осы орайда бүгін Таразда «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбы аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қыздарға арналған кездесу өтті.

Кездесуде қыз баланың әдеп ережелері туралы мамандар кеңінен айтып, студенттер ойларын ортаға салды. Тәлім-тәрбие мәселесіне тоқталған ұстаздар ұлттық салт-дәстүрлеріміз туралы да сөз етті. Жиынға облысымыздың белсенді аналары, колледж қызметкерлері, психологтар қатысты. жалпы бүгінгі күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде 578 қыз бала білім алып жатыр. Сондықтан мекеме мамандары тәлім-тәрбие бағытындағы жұмыстар жалғасын табады дейді.

– Осы жұмыс аясында біз өзіміздің жасөспірім қыздардың көбінесе бізде 18-ге толмаған, кәмелеттік жасқа толмаған қыздар білім алуда. Осы қыздардың тәрбиесіне, біліміне, жан-жақты ықпал ету мақсатында біз осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз,-дейді Құралай Қалиева, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің әлеуметтік педагогы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *