ТОҒЫЗТАРАУДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ
Бүгін Жамбыл ауданына қарастыТоғызтарау ауылында кіші футбол алаңы ашылды. Мерекелік тарту алдағы күндері Қызыл дихан ауылында да жалғаспақ. Аудан орталығынан шалғай орналасқан бұл елдімекенде де ойыналаңыныңлентасықиылса, Гродеково мен Айшабибіауылындазәулім спорт кешеніпайдалануғаберіледі.
Көппен бірге қуанғандардың бірі Айзот Афкаралиев. Болашақта атақты футболшы болғысы келетін балақайендікүндеалаңғакеліпжаттықпақ. Ауылбалаларынажасалғанмол мүмкіндіккекөпшілікдән риза.
– Мен өзім футболға қатты қызығам. Осы ауылдан чеспион шыққым келеді. Мен азанда таңғы 6-да тұрып жүгіремін, дайындаламын сосын футболға келіп ойнаймын,- Айзот Афкаралиев, ауыл тұрғыны
Ауданда 175 спорт кешені болса, оның 54-і кіші футбол алаңы. Барлығы түгелдей балалардың бос уақытының тиімді өтуіне, ауылдан мықты футболшылардың шығуына қызмет етіп тұр. Аудан әкімінің орынбасары болашақ ұрпақ игілігіне жасалатын жасампаз жобалар жалғасып табатынын жеткізді.
– Биыл жалпы ауданда осындай спорттық нысандар көптеп ашылып жатыр. Бұл деген мемлекеттің барша халықтың бұқаралық спорттың дамуына қолдап жатқан үлкен мүмкіндігі,-дейді Махпал Досымбекова, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары
Салтанатты жиында аудандық Жастар ресурстық орталығы атынан балаларға сыйлық табысталды. Айта кету керек, ауылдық округте 188 үй бар. Келер жылдың еншісінде елді мекенге табиғи отын кірзіледі деп жоспарланып отыр.