JAŃALYQTAR

23 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жамбыл облысында ағымдағы жылы білім саласында 24,4 млрд. теңгені құрайтын 23 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Атап өтетін болсақ,  17 жаңа мектеп,    1 мектептен тыс даму орталығы, 3 жапсарлас құрылыс, 1 колледжге ангар, 1 мектептің сыртқы инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстары. Соғылып жатқан ғимараттардың 6-ы осы қыркүйек айына дейін толық аяқталуы тиіс. Олар, Тараз қаласы Асқаров алқабындағы  600 орындық және де Айша бибі, Алатау,  Дихан, Арал ауылдарында орналасқан мектептер.

Нұржан МҰРАТОВ ОБЛЫСТЫҚ  ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСЫШЫ

Кейбір мектептер мен балабақшаларға күрделі жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Сонда сіздерге берілген уақыт жетпеді ма, әлде соңына дейін созып әкелуге міндеттісіздер ма? Міне, бүгін айдың аяғы таяп қалды. Небәрі 15 күнде оқушылар мектепке барады. Әлім бітпеген білім ошақтары бар? Не істейсіздер, сонда? Бұдан бөлек, сапасында көріп жүрміз. Бір мектепті жақсы деп, ешкім айтып жатқан жоқ, – деп, облыстық мәслихаттағы фракцияның жетекшісі Мұқаш Ескендіров депутаттық сауал тастады. Аталған мәселені жауаптылар дер кезінде, шешеміз.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қаралды. Жүргізілген мониторингке сәйкес, азық-түлік тауарларының инфляциясы апта ішінде 0,1%-ды  құрап, 2   тауар түрі бойынша өсім қалыптасқан. Олар картоп 2,2%-ға, тауық еті 1,0%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының үстемақысын 15%-дан жоғары асырған 19 сауда нүктесіне Заңды хаттамалық ескерту беріліп, 1 сауда нүктесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабына сәйкес 10 АЕК соммасында айыппұл салынды. Ескерте кетейік, маңыздылығына қарай, тағы екі тауарға 29 тамыздан бастап, шекті баға енгізілетін болады.  Осыған сәйкес, ендігіде республиканың барлық сауда нүктелерінде қырықабат 239, ақ қант 379 теңгеден асып сатылмауы қажет. Ал, сары  май 3012, тұзды 67 теңгеден асырмау туралы қаулы жобасы Әділет министрлігіне тіркеуге жіберіледі. Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев  өнімді сауда орындарына делдалсыз тікелей жеткізу бойынша отандық тауар өндірушілермен келісім-шарттарға қол қою жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын 9 тауар түріне 155 сауда орнымен келісім-шарт жасалынды. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін делдалдық схемасыз 1812 тонна азық-түлік жеткізілді. Мәселе, бірінші сұрыпты бидай ұны бойынша 8 дүкенмен 180-200 теңге арасында сатуға келісім-шарт жасалды. Бұдан бөлек макарон өнімдерін 250 теңгеден асырмау үшін 12 нүктемен, тауық еті – 28 дүкен (1000-1100теңге арасында), айран – 57 дүкен (220-260 теңге ), сүзбе – 20 дүкен (1100-1400 теңге), тауық жұмыртқасы – 14 дүкен (35-36 теңге арасында), тұздалмаған сары май – 12 дүкен (2800-3000 теңге арасында)қант – 1 дүкен (470 теңге), ас тұзы – 3 дүкен (45-46 теңге арасында) келісім-шартқа тұрдық. Сонымен қатар өңіріміздегі ірі сауда орындары шаруа қожалықтармен және жеке кәсіпкерлермен форвадтық келісім-шарт жасасты. Барлығы 11 442,5 тоннаға 244 дүкенді қамтиды.

Тауардың бағасын  тұрақты сақтап тұру мақсатында форвадттық жүйеде Меркі ауданында пилоттық жоба да енгізілді.  Ауданда сыйымдылығы 1300 тонна көлемінде сақтау қоймасы орналасқан. Аталған қойма егесі Александр Бондарь өндірістік инфрақұрылым жүргізу үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алып, қойманың ауқымын кеңейтті. Бүгінде жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалық егелерін аталған қоймаға өз өнімдерін сақтау бойынша келісім алынды. Бұл ретте қоймаға күзгі жиын терім кезінде 80 тонна сәбіз, 200 тонна картоп, 60 тонна қырыққабат және 300 тонна пияз көкеністерін сақтау үшін тиісті жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Сақтау қоймасының толық мүмкіндіктері пайдаланылса, жоба басқа да аудандарда жалғасатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *