BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Дарынды әрі креативті жастар мен жас ғалымдарға қолдау бар. Өйткені, ілім білімімен дараланған 59 оқушы 2022-2023 оқу жылында республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып 35 жас ғалым 3 алтын, 15 күміс, 17 қола медаль жеңіп алған. Олардың ғылыми жетістігіне қолдау көрсету, шығармашылығын шыңдау мәселесі бүгін тағы бір жиынға арқау болды.

Мемлекеттің ертеңі, өркениеті мен мәдениетінің дамып, әлеуетінің артуына дарынды балалардың ықпалы орасан. Олардың бос уақытын тиімді пайдалануы, мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру бойынша өңірде бірқатар жұмыстар атқарылып та жатыр. Дәл осындай оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Жас ғалымдар» академиясы да құрылған. Басты мақсат ауыл аймақтардағы білім ғылымға қызығатын жасөспірімдердің басын қосу- дейді Майра Есеналиева.

– «Мыңбала» олимпиадасы осымен 3 жыл қатарынан өктізілді. Биыл 4-ші рет өткізіледі. Бұл ауыл оқушыларына арналған ұлттық зияткерлік олимпиада. Бұл басқаша айтқанда бұл әлеуметтік лифт. Яғни Ауыл оқушысы осы олимпиадаға қатысу арқылы жеңімпаз атанған жағдайда 6-шы сыныптың оқушысы. Ол мамандандырылған мектепке, қалаған мамандандырылған мектептеріне орналаса алады,-дейді Майра Есеналиева, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры

Мәдениет басқармасының мамандары болса шығармашылықты жаны сүйетін жастар үшін де түрлі байқаулар қолға алынған дейді. Олардың шеберліктерін шыңдау үшін жыл сайын «Жаңа есім» жобасы дәстүрлі түрде өткізіледі.

– Халықаралық отбасы күніне орай Көркемсурет галереясында «Сүйікті қалам – Таразым!» облыстық балалар шығармашылық көрме-байқауы өтті. Тараз қаласының талантты балалары арасындағы байқауға 6-15 жас аралығындағы 30 бала қатысты. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мәдениет үйлері мен клубтарда бүгінгі күні 610 балалар үйірмесі жұмыс атқаруда. Драма, домбыра, театр, би, вокал, қолөнер, сурет, көркемсөз оқу т.б. жанрлардағы үйірмелерге 7832 бала қатысады,-дейді Абирхан Жанқұлов, облыстық мәдениет басқарма басшысының орынбасары

Жас дарындардың жемісті жеңістері сан алуан. Бірі есепке жүйрік болса, енді бірі химияны зерттегенді ұнатады. Ал,
енді бірі – тамыры терең тарихтан сыр шертіп, көне мен бүгінді жалғап жүр. Қалай болмасын, төккен тердің зая кетпегені абзал-ақ. Сондықтан мамандар жас ғалымдар мен дарындарға барынша қолдау көрсетуіміз керек деп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *