BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kzЗаңҚылмыс

«ҮНДІ» ҚАРАСОРАСЫН САТҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Тараз қаласының тұрғыны «Үнді» қарасорасын сатумен айналысқан. 1 стақанын 20 мың теңгеге саудалаған. Полиция қызметкерлері есірткі сатқан 35 жастағы тұрғынды ұстады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын орындау мақсатында «Қарасора-2023» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайдан өсімдік тектес кептірілген заттары бьар пакеттер және бақшасынан ерекше иісі бар жасыл түсті 10 түп өсімдік табылды. Сараптама қорытындыларына сәйкес, зерттеуге ұсынылған өсімдіктер «қарасора» есірткісі, ал қолдануға дайын кептірілген зат – жалпы салмағы 1 келі 700 гр болатын марихуана болып шықты. Сондай-ақ 16 калибрлі 4 патрон тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексіне сәйкес тексері амалдарыжүруде. Күдікті 10жылдан 15 жылға ейінтемір торға тоғытылуы мүмкін.

– Ұсталған адам кінәсін толықтай мойындап қазіргі таңда Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 297бабы 3-ші бөлімінің сотқа дейінгі тергеп, тексері амалдары басталды. Аталған баптың станциясы мүлкін тәркілеп 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді,-дейді Гүлсара Мұқтарқұлова, полиция департаментінің баспасөз хатшысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *