ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН КАТАРҒА БАРДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқевтың Катар мемлекетіне ресми сапары басталды. Екі күнге созылатын іс-сапардан үлкен нәтижелер күтіледі. Катар мемлекеті Орталық Азия өңірі, әсіресе Қазақстанға айрықша мән беріп отыр. Сарапшылар бұл жолғы келіссөздер екі елдің сауда экономикалық байланысындағы үлкен тарихи бетбұрыс болады деп болжайды.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас бұрыннан жолға қойылған, енді экономикалық байланыстарды нығайтудың кезегі келді. Біздің ел 60-қа жуық тауар түрі бойынша экспорттың жалпы сомасын 250 млн долларға жеткізуді межелеп отыр. Мәселен, Қазақстанның ет және басқа да азық-түлік өнімдерін өндірушілер Қатар нарығына шығуға мүдделі. Қазіргі таңда екі ел арасында сауда шарттарын жеңілдетіп, «халал» сертификатын мақұлдау мәселесі талқыланып жатыр.