BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

БАЛАЛАРҒА БАҚЫТ СЫЙЛАҒАН ОТБАСЫ

Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүгедектер күні. Айтулы дата ерекше жандармен қатар, осы санаттағы азаматтарға күтім жасап отырған жандарға құрмет көрсету болып табылады. Біздің өңірде де мұндай отбасылар баршылық. Солардың бірі –18 мүмкіндігі шектеулі жасөспірімді қамқорлығына алған Жорабаевтар отбасы.

Жорабаевтар отбасы осыдан 4 жыл бұрын балалар орталығынан 18 ерекше жеткіншекті асырап алған. 9 қызбен 9 ұл. Араларында өзге этнос өкілдері де бар.Бұдан бөлек, өздерінің 5 баласы бар екен. Аналары Мадина жасөспірімдерді қамқорлығыма алғаныма өте қуаныштымын-,дейді.

– Ойлана келе неге осы балаларға тегі мамасымен папасы бола алмасақ та неге ағасы, жеңгесі сияқты болмасқа. Бауырымызға басайық, өзіміздің балдар сияқты тәрбилейік, қарайық. Ең бастысы балаларға жылулық, махаббат керек. Ол балалар өте сезімтал. Бәрін сезеді, сөйлей алмаса да жүректері өте жұмсақ. Өздері бір жылулық сұрап тұрады, еркелеп тұрады. Былай өтсең бір құшақтап кетеді, былай өтсең жаным жаным деп бетіңнен сүйіп кетеді,-дейді Мадина Жорабаева, ата-ана

Ата-аналарының айтуынша балалардың барлығыталантты. Қолөнерді ермек еткендері арасында бұйымдарын көрмелерге апарды екен. Ал қыздарыас үйде тәтті тағам пісіргенді ұнатады. Балалар болса бақытты екендіктерін жасырмады.

– Ағам бар тәттем бар. Жаңа өмір бастаушым келдім. Іні сіңілдерім бар. Жанұямды жақсы көрем,-дейді Айгүл Бихан, тәрбиеленуші

Жалпы елімізде 700 мыңнан астаммүмкінлігі шектеулі азамат өмір сүреді. Өткен жылы республикалық бюджеттен осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін 480 млрд теңге жұмсалған. Ал биыл 569 млрд теңге қарастырылып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *