ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНҒАН ҚАРАЖАТ ҚАНША?
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы білім саласы қызметінің тиімділігі мен қаражаттың пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізіп бірқатар бұзушылықтарды анықтап отыр. Қазір оның жалпы сомасы 26 млрд-тан асқан. Аталған мәселеге қатысты бүгін арнайы жиын өтті. Сюжеттен көріңіз.
Мемлекеттік аудит жұмыстарына облыстық білім басқармасы, оған қарасты 4 мектеп интернаттары. Тараз қаласы мен 5 ауданның білім бөлімдері және облыстық құрылыс басқармасы қамтылған. Нәтижесінде мемлекеттік аудит объектілері актілерінде бұзушылықтар анықталған. оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 25 млрд 98 млн теңгені құрап отыр.
– Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 243-те 1 млн теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 885те 9 млн теңге ықтимал шығындармен жіберіп алған пайда 2-де 7 млн теңге. Анықталған рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны 169 бірлік. Жүйелі кемшіліктер саны 6 бірлікті құрап отыр,-дейді Нұржан Тұрлыбеков, ЖО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Мамандар жоғары да аталған жүйесіз жұмыстар қолданыстағы заң талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмау салдарынан болған деп отыр.
Жиында сөз алған білім басқармасының басшысы, қойылған сауалдарға жауап бере отырып алдағы жоспарларын баяндады.
– 25 мектептің жұмысы басталады келесі жылы. Биылдың өзіне 9 мектеп 5 жапсарлас құрылыс пайдалануға беріледі деп күтіп отырмыз. Жалпы 2027 жылға дейін 23 мың орынға мектеп салынады деп отырмыз. Оқушы тапшылығы деген шығып отырғой жалпы, осы мәселенің бәрі сол жерде қарастырылған,-дейді Мейірхан Өмірбек, ЖО білім басқармасының басшысы
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан қаулы қабылданды. Аудит обьектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар жіберілмек.