BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

«БАЙЗАҚ ЖҰЛДЫЗЫ-2023»

Сарыкемер ауылында «Байзақ жұлдызы-2023» ән-байқауының жеңімпаздарының мерекелік кеші өтті. Ауданның үш аймағынан іріктелген, дарынды 9 қатысушы нағыз кәсіби әншілермен жұптасып, гала-концертте өнер көрсетті.

Орталық алаңда өткен шарада конкурстың бұрынғы жеңімпаздары да өз өнерлерін көрсетті. «Байзақ жұлдызы-2023» байқауының бас жүлдесі мырзатайлық Алуа Дәулетбергеноваға бұйырды. Ал І, ІІ, ІІІ орындарды иемденген азаматтарға аудан әкімінің дипломы табысталды. Гала-концерт сахнасының төріне көтерілген аудан әкімі Бақыт Қазанбасов 1999 жылдан бері өңірімізде өтіп келе жатқан «Байзақ жұлдызы» байқауының маңызына тоқталды.

– Енді оосы іс-шараны арқарай барлық елді мекенде осы казіргі таңдағыдай жалғасуы керек, жалғыз орталықта емес. Мына бүгінгі осы үлкен іс-шараға қатысып өнерлерін көрсетіп жатқан ауданның жастарына тағыда рахметімді айтқым келеді,-дейді Бақыт Қазанбасов, Байзақ ауданының әкімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *