BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқарма басшыларының қатысуымен заңнамалар мен әдеп нормаларын сақтау бойынша жиын өтті. Мамандар барлық жауапкершілік басшыда болғандықтан жемқорлық, құқықбұзушылық талаптарын сақтауды ескертті.

Жамбыл облысының әдеп жөніндегі уәкілі спорт саласы басшыларын мемлекеттік сатып алу кезінде жүйелі жұмыс істеуге, кіріс-шығыстарды дұрыс есептеп, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтауға, құмар ойындардан аулақ болуға шақырды. Себебі, қазір заң күшейіп, бұрынғыдан да қаталдана түскен дейді. Басқосудағы басты мақсат мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе басшылардың заңды бұзудың, жемқорлықтың арты қандай жағдайға душар ететінін көрсету.

– Талдау жұмыстарын осы салада бастасақ па деп отырмыз спорт басқармасымен бірлесіп. Бұл жерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, қандай бұзушылықтарға алып келетін себеп-салдарын жою бойынша ары қарай жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Бұл жиналыс бастамасы деп есептеуге болады. Алдағы уақытта басқа да уәкілетті органдармен эксперттер қатарын толықтырып жұмыс жасайтын боламыз,-дейді Дәурен Омаров, ҚР СЖҚІ агенттігі жоб департаменті басшысының орынбасары

Мемлекет басшысы өз сөзінде жемқорлыққа қарсы күресті заң бойынша күшейтуді, лудоманияға жол берілмеу қажеттігін баса айтты. Сол себепті аталған іс-шара ай бойы жалғасады. Осы уақыт аралығында басшылармен, уәкілетті орган өкілдерімен жемқорлыққа қарсы зерделеу мен түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *